Оқулықта қойды өсіру өнімділігін арттыру, бағып-күту, азықтандыру, жайылымды тиімді пайдалану технологиялары ғылыми жетістіктердің негізінде егжей-тегжейлі жазылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы қой шаруашылығының аймақтық ерекшеліктері, мұнда өсірілетін қой тұқымдарының сипаттамалары, оларды күтіп-бағудағы технологиялық айырмашылықтары баяндалған.
Оқулық орта кәсіптік «Зоотехния» және «Мал өнімдерін өндіру технологиясы» мамандықтарына арналған.