Оқу құралында Қазақстан Республикасы үшін карантиндік мәні бар зиянкестер, аурулар мен арамшөптер туралы баяндалған. Карантиндік нысандардың түрлік құрамдары, жүйелік орындары, жағрапиялык таралуы биологиялык және экологиялык ерекшеліктері, зақым келтіру сипаттары, зияндылығы, морфологиясы, тасымалдануы мен таралу тесілдері және табу мен сәйкестендіру әдістері келтірілген. Еліміздің территориясына тарануына шектеу койылған түрлерін жоюдың кешенді шаралары ұсынылған.



